Рус

Жаңалықтар

Зардап шеккен отбасыларға қаржылай қолдау көрсетілді

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы басқарма мүшелері және еңбек ұжымы 25-қараша күні Теңге ауылында (темір жол өткелінде) тепловоз бен қоғамдық көліктің соқтығысуының салдарынан қайтыс болған азаматтардың отбасына, ағайын-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Сонымен бірге, аталған жол апаты салдарынан жараланған азаматтардың сауығып кетуіне тілекшілігін білдіреді.

Орын алған оқиғаға байланысты «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы қаза болған және жараланған азаматтардың отбасына жалпы соммасы 10 миллион теңге, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының мердігер ұйымдары (Бұрғылау, ӨМС, МФС, УДТВ, Жанарыс, Азиямұнайгазгрупсервис, Кезби, ККС, Құлагер, KMGEP Catering және т.б. ЖШС-і) жалпы соммасы 9,4 миллион теңге (барлығы 19,4 млн) көлемінде қаржылай қолдау көрсетуде.

Қаза болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажетті транспорттық және өзге де ұйымдастыру қызметі бойынша жәрдем берілуде.

Сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы еңбек ұжымы ерікті түрде аталған отбасыларға қаржылай қолдау көрсетуді ұйымдастыруда.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы