Рус

Жаңалықтар

«Кендірлі» жазғы маусымы ашылды

«Кендірлі» демалыс аймағы жазғы маусымының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиында «KMG-Catering» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Батыржан Қорғанбаев, Қызылсай аулының әкімі Бақытжан Ізжановтар сөз сөйлеп, демалушыларға жайлы демалыс тіледі.

«Кендірлінің суының өзі неге тұрады?! Таңғы ауасының өзі тынысы бардың бәріне дәрумен екенін дәрігерлер айтып жатыр. Даланың йодты ауасын, көкірек кере жұтып, балаларыңызбен демалып жатқан сіздерге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызға табыс тілейміз»-деді азаматтар.

Салтанатты шарада қаламыздағы «Керуен» тобының әншілері ән шырқап, «Гүлдәурен» бишілер тобының бишілері тал шыбықтай бұратылып би биледі.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы