Рус

Жаңалықтар

«Мұқағали мен Фаризаны» тамашаладық

Кеше «Мұнайшы» мәдениет сарайында Р.Отарбаевтың «Мұқағали мен Фариза» атты поэтикалық драмасы қойылды. Қойылым ұлы ақын Мұқағалидың емханада өткен өмірінің соңғы күндерін көрсетеді. Оның Фаризаға айтылған сыры, ортасымен ымыраға келе алмай арпалысуы, халқының болашағын ойлап жапа шегуі...өте нанымды көрсетілді.

Ит басына іркіт төгілген кешегі кең заманда халқын шексіз сүйген ақын Мұқағали қазақтың ішінен махаббат таба алмай «Мен нағыз махаббатты армандаймын»-деп, зар еңіреп, баз кешіп, дүниеден озуы жүрегіңді ауыртады.

Қос ақынның рухани достығы, Фаризаның Мұқаның қиналған кезде жанынан табылуы, демеу болуы, қолдау көрсетуі- Мұқағалиға «Қазақтың жігітінен дос таба алмай, Мен саған қыз да болсаң, сыр айтамын» дегізді... Талантты актерлар көрермендерді өздерінің өнерімен тәнті етті. Қол соғып, қошемет көрсеткен өзендіктер шынайы өнерді бағалай алатындықтарын дәлелдеді.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы