Рус

Жаңалықтар

Өзенмұнайгаздықтарды діни сауаттылыққа үйретті

Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм бүкіл әлемге қауіп төндіріп, адамзаттың, қоғамның үрейін ұшыруда. Бұл құбылыс Қазақстанда да етек жайып келе жатқаны ешкімге жасырын емес.

Компания теологы Саятжан Махамбетов мәжіліс залында аппарат қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде ол теріс діни ағымдар туралы ақпарат беріп, арнайы дайындалған видео-ролик көрсетіп, әріптестерінің сұрақтарына жауап берді.

«Бүгінде Қазақстанның діни әлемі түрлі ағымдарға жіктеліп кеткен. Бұл ұлт үшін өте қауіпті»-дейді теолог. Ол діни экстремистік ағымдарға ерудің негізгі екі себебі ретінде діни сауатсыздық пен материалдық мұқтаждықты атап өтті.

Қауіпсіздік қызмет жетекшісі Рахат Чуйшбаев елді ұйытқан, кісілікке шақырған, игілікке бастаған жасампаз салт-дәстүрінен қазақ айнымауы тиіс екендігін айтты.

Жаймашуақ өткен кездесу жүрекке иман, көңілге медеу сыйлады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы