Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» АҚ соғыс ардагеріне темір тұлпар мінгізді

Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай өткізілген дәстүрлі шара «Даңқ» аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтар рухына Құран бағыштаумен басталды.       «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директоры Есен Өтеев бастаған бір топ азаматтар көзі тірі 95 жастағы жалғыз соғыс ардагері Кеңесбай Еңсегеновке темір тұлпар мінгізді. «Сыйға-сый, сыраға-бал» дегендей, өз кезегінде ақсақалдың отбасы ел ағаларының иығына шапан жапты.

Қан майданға 1943-жылы шақырылып, №2 Украина фронтында №211 атқыштар дивизиясында болып  Отан қорғаған ақсақал 1944-жылы 2 жерден жараланып, 3 ай госпитальда емделіп, соғысқа кері аттанып, жеңісті Берлин қаласында қарсы алады. Бүгінде Алланың қалауымен ондаған немере, шөбере сүйіп отырған атаға қарап «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледіні» айтқан қазаққа таңқаласың!

«Аты өшкір зұлмат соғыс тарих бетіне көшіп, алыстағанымен көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Бұл соғыс аналарымызды жесір, бұғанасы қатпаған балаларымызды жетім етті. Біздің бақытты өміріміз үшін қан майданда фашист оғына қаймықпай кеудесін оққа тосқан Сіздерге біз өмір-бақи қарыздармыз. Ашық аспан үшін, сайраған құстың үні үшін, сыңғырлаған сәбидің күміс күлкісі үшін-біз Сіздерге тағзым етіп, басымызды иеміз!»-деді Есен Өтеев.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы