Рус

Жаңалықтар

Іріктеу туры басталды

Қазақ мұнайының 120 жылдығына байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК  қарасты  компаниялар арасында жазғы маусымда  спорттың 8 түрінен Спартакиада  өтеді деп жоспарланып отыр. Аталмыш додаға қатысу үшін  «Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты  басқармалар арасында 14- мамырдан бастап Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру кешенінде  іріктеу жарысы басталып кетті. Маусымға дейін жалғасатын іріктеу турынан өткен мықты спортшылардан «Өзенмұнайгаз» АҚ құрама командасы жасақталып, аталған Спартакиадада компания намысын қорғайтын болады. Әріптестерімізге небір-небір мықтылар қатысатын Спартакиададан «жүлделі оралыңыздар»!- деген тілек айтамыз.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы