Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» АҚ медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетті

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы бас директоры Есен Өтеевтің бастамасымен «Медицина қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне байланысты,  осы қиын салада тер төгіп жүрген мамандық иелеріне ерекше көңіл бөліп, мәртебесін арттыру мақсатында «Кендірлі» демалыс аймағында медицина саласының  80 таңдаулы қызметкеріне арналып, мерекелік дастарқан жайылды.

Салтанатты шараны Жұртшылықпен байланыс департаменті маманы Арғын Бисен, компания өнерпаздары Ерлан Жұматов пен Нұрсұлтан Нұрғали жүргізді.   Аппарат жетекшісі Бауыржан Мамбетсапаев бастаған азаматтар  бас директордың медицина саласының қызметкерлеріне арнаған жүрекжарды  құттықтауын жеткізді. 

«Дертіне шипа, деніне саулық сыйлайтын Сіздерге мұнайшылар дән риза. Адам жанының арашашысы болып жүрген Сіздерге қандай құрмет көрсетсе де артық болмайды. Науқастың жанына жалау болып, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп жүрген Өздеріңізге құрмет көрсету-әрбір азаматтың парызы»-деп жазылған бас директордың адресаты мен Бекет Ата жерасты мешітінің картинасы  табысталды. Сөз алған аппарат жетекшісі Бауыржан Мамбетсапаев,  Персоналды басқару және дамыту департаменті директоры Ермек Көптілеев, Әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Алеуединов ардақты да құрметті мамандық иелерін мерекесімен құттықтап,жылы сөз, ізгі тілектерін арнады.

Мерекеге байланысты Гүлназ Қарасаева, Шынар Жарылғасова, Сырға Әбдікәрімова, Амангүл Жылқыбекова, Дариға Мыңбаева, Энза Ғалипова, Ботакөз Жұрмағамбетова, Гүлжамал Зигаева, Алма Сариева, Балбибі Жетібековалар бас директордың Алғыс хатымен марапатталды. Өз кезегінде «Медикер» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Анар Жұмаханова Есен Өтеевке серіктестік басшылығы атынан Алғыс хат табыстады.

Жаңаөзен қаласы бойынша жобалар жетекшісі Индира Сәтбаева әріптестерін мерекесімен құттықтап: «Сіздердің арқаңызда тоқтаған жүрек қайта соғып, үзілген үміт қайта жалғанады.  Өздеріңізге келген әрбір мұнайшы Сіздердің ыстық ықыласыңыз бен аялы алақаныңызды сезеді. Науқас көңлін аулап, ертелі-кеш ерінбей еңбек етіп жүрген Сіздерге ризамын»-деді.

Компания басшылығына рақметін айтқан Индира аппарат жетекшісіне «біз Сізді дипломат ретінде бағалаймыз»-деген қошеметін білдірді.

Әлемдегі ең қасиетті салаға 10 жылдан бері жетекшілік етіп жүрген Әлеуметтік әкімшілік департамент аға маманы Құралай Құрманәлиева мереке иелерін құттықтап, мұнайшылардың алғыс-сауабын арқалап жүрген ақ халатты абзал жандарға шексіз алғысын білдірді. Өздеріне көрсетілген құрмет пен  ықыласқа риза болған медицина саласының қызметкерлері компания басшылығына алғыс жаудырды. Кеш соңы жергілікті өнерпаздар концертіне ұласты. 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы