Рус

Жаңалықтар

Балалар қауіпсіздігі-басты назарда!

Қазіргі таңда, компаия мұнайшыларының балалары еліміздің әр аймағында орналасқан таңдаулы балалар лагерлерінде  демалып жатқаны баршамызға аян. Шілденің 1-жұлдызында Алматы қаласында орналасқан «Айналайын» демалыс лагеріне 3-кезеңнің 233 баласы Ақтау әуежайына жөнелтілді.

Балалардың әке-шешелері жолға шыққан балаларына алаңдаушылық білдіретіні белгілі. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы «ОйлТранспортКорпорейшен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен барлық талап пен стандартқа сай, қосымша 5 автобус алдыртты.  Соңғы үлгідегі, жайлы көлікке отырғызылған балалар, МАИ қызметкерлерінің жетекшілігімен тиісті орынға жеткізілуде.«Көліктің терезесі екі қабат шынымен жабдықталған. Бүгінде біз балаларды қауіпсіз әрі қолайлы тасымалдау жүйесін қалыптастырдық деп толық сеніммен айта аламыз!»-дейді траспорт саласының еңбекқор қызметкерлері.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы