Рус

Жаңалықтар

Қайырымдының қазаны ортаймайды

Дүбірлі дүниеде қайғы мен қуаныш, жақсылық пен жамандық, ауыртпалық пен жеңілдік қатар жүретіні белгілі. Осының дәлеліндей жер жүзінде бір мемлекетте су тасқыны болып жатса, бір елдерде өрт шалып, қызыл жалынға оранады.  Кейбір таулы аймақтарда жер сілкініп, қар көшкіні орын алады. Табиғат апаты болмаса да, Арыс елдімекенінде оқ дәрі қоймасы жарылып, қайғылы оқиға болғандығын барша қазақстандықтар біледі.        

Осыған орай, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеевтің ұйымдастырумен шұғыл жиналыс өткізіліп, көмек қолын созам деген мұнайшыларға арыз үлгілері таратылды. Қазіргі таңда компания бойынша еріктілерден 20 000 000 (жиырма миллион) астам ақша жиналып,  Арыс апатынан зардап шегушілердің арнайы есеп шотына аударылды. «Жомарттық пен ерлік егіз қасиет» демекші, қиындыққа қол созғандарға Алланың нұры жаусын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы