Рус

Жаңалықтар

Өзенмұнайгаздықтар чемпионға темір тұлпар сыйлады

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Ресей шаршы алаңының шаңын шығарып, алтын медаль алып келген чемпион Бекзат Нұрдәулетовке «Тойота Камри 70» маркалы темір тұлпарды салтанатты түрде табыстады. Салтанатты шараға қала әкімі Мақсат Ибағаров, бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Айтқали Бәшенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Жеңіс туын биікте желбіретіп, қас-қабағымен қарсыласын жасытатындай Бекзат сияқты өжет, қайсар ұлдарымыз көп болсын!»-деді Айтқали Бәшенов.

Өзенмұнайгаздықтар ел мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатқан Бекзат бауырымыздың 2020-жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама алып, топ жаруына тілектістік білдіреді. Иә, аруақ Бекзатыңды деме!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы