Рус

Жаңалықтар

Түйені жардан домалатқан бір уыс шөп екенін ұмытпайық!

«Өзенмұнайгаз» АҚ қауіпсіздік қызметі мамандары 24-қыркүйек күні шамаман сағат 13.00-де kz932AN12 мемлекеттік нөмірі бар «КрАЗ ППУ» маркалы автокөліктің өндірістік аймақтан тыс бағытқа бет алып, «КезБИ» ЖШС ғимаратына қарам-қарсы орналасқан жекеменшік базаға кіріп, арнайы жасақталған сорап арқылы базадағы ыдыстарға автокөліктен 50 литр жанар-жағар май (дизель) құйып жатқанын анықтады.

Қыркүйектің 27 күні шамамен сағат 12.30-да м R645BO нөмірлі мемлекеттік белгісі бар «КАМАЗ АНР» маркалы автокөліктің өндірістік аймақта орналасқан жекеменшік жанар-жағар май қабылдау базасына кіріп, автокөлік багынан 150 литр дизель отынының әрбір литрін 80 теңгеден сатқаны белгілі болды.

28-қыркүйекте шамамен сағат 12.00-де №5 СҚКБ қасындағы тас жолды бақылау кезінде, kz949AN12 санды мемлекеттік белгісі бар «КАМАЗ ППУ» маркалы автокөліктің өндірістік аймақтан тыс бағытқа бет алып, «КезБИ» ЖШС ғимаратына қарам-қарсы орналасқан жекеменшік базаға кіріп, арнайы жасақталған сорап арқылы сыйымдылығы 1 тонна ыдысқа автокөліктен 200 литр жанар-жағар май (дизель) құйып бергені мәлім болды.

Дәл осы күні, яғни 28-қыркүйектің кешкі шамамен сағат 18.00-де kz826AN12 нөмірлі мемлекеттік белгісі бар «КАМАЗ ППУ» маркалы автокөлік өндірістік аймақта орналасқан «КАН» ЖШС ауласына кіріп, автоккөліктен пластикалық ыдыстарға құйылған шамамен 900 литр дизель отынын түсіргені анықталып, дәл сол жерде тәркіленіп, №2 СҚКБ гаражына әкелініп, күзетшілерге тапсырылды.

Айналдырған 5 күннің ішінде анықталған 4 ұрлық көлігі де №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасына тиісті болып шықты. Бұл нені көрсетеді. Бұл Сіз бен Біздің қанағатсыздығымызды көрсетеді. «Алып алтау болғанды, жеп жетеу болғанды көргеніміз жоқ, барына, бергеніне қанағат» - деген бұрынғылардың сөзін естен шығардық. «Мешкей деген жақсы ат емес!» - дейді қазақ. Түйені жардан домалатқан бір уыс шөп екенін ұмытпайық!

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы