Рус

Жаңалықтар

Кадрларды оқыту бойынша тәжірибе алмасты

29 қараша күні Жаңаөзен қаласына іссапармен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ–ның адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Дәулетжан Хасанов, «KMG Engineering» ЖШС құқық және кадр сұрақтары бойынша басқарушы директоры Шолпан Жұмағазиева, құзыреттілікті дамыту бойынша директоры Айнұр Бекдаирова, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-ның талант және персоналды дамыту бөлімінің аға маманы Майра Оспанова, «Татнефть» компаниясының кадрларды дайындау орталығының директоры Евгений Титанов және аталған компанияның өкілдері келді. Жұмысшы мамандарды оқыту, Өзен кенорнын аралау, тәжірибе алмасу мақсаты бойынша келген делегация өкілдерін  «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өндірістік ғимаратының мәжіліс залында бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Нұржан Абдрахманов қабылдап, жиын өткізді.

Жиында қазіргі таңдағы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да корпоративті оқыту орталығы және және «Татнефть» компаниясының кадрларды дайындау орталығының атқарып жатқан жұмысы талқыланып, бейне ролик көрсетілді. Жиында Дәулетжан Кеңесұлы сөз алып, іссапарының мақсатын түсіндіріп өтті. «Бүгінгі сапарымыздың негізгі мақсаты - «Өзенмұнайгаз» АҚ-да еңбек ететін мамандарды оқытып жатқан оқу орталығының жұмысымен танысу. Бүгінгі таңда оқыту жүйесі жыл сайын дамып келеді. Барлығы цифрлы технологияға көшіп жатыр. Сондықтан, біз, Татарстан елінің ең ірі мұнай компаниясы «Татнефттің» кадрларды даярлау орталығының басшылары мен оқытушыларын шақырдық. Олардың мұнайшы мамандарды оқыту технологиясы жақсы дамыған, тәжірибесі мол мамандар. Аталған компанияның оқыту технологиясын өзімізге енгізгіміз келеді»,-деді Д. Хасанов.

Осы күні шақырылған қонақтар «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның корпоративті оқыту орталығына барып, ондағы оқу мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар делегация мүшелері №3МГӨБ, жер асты жабдығын диагностикалау және жөндеу цехы, химияландыру және экология басқармасы және мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасына барып, жұмысымен танысты.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы