Рус

Жаңалықтар

Марапат құтты болсын, әріптестер!

2007-жылы сол кездегі №2 МГӨБ директоры Киікбай Ешманов пен Жұлдыз Мұханбетқалиқызы ашқан «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымы «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының облыстық кезеңінде ІІІ санат бойынша І орынға ие болып, республикалық сайысқа жолдама алды. №2 СҚКБ бастауыш партия ұйымы байқаудың ІІ санаты бойынша ІІ орынға ие болды.

Осы марапаттарды беруді шешкен Маңғыстау облысының партия филиалының төрағасы Серікбай Тұрымов, Маңғыстау облысының партия филиалының төрағасының орынбасары Елубай Әбіловке алғысымыз шексіз!     Марапат №2 МГӨБ бастауыш ұйымы төрағасы басқарма директоры Мереке Құлбеков пен сапа жөніндегі инженер, бастауыш партия ұйымы хатшысы Жұлдыз Мұханбетқалиқызы және №2 СҚКБ бастауыш ұйымы төрағасы басқарма директоры Наурыз Рахметов, бастауыш партия ұйымы хатшысы Бауыржан Жұбаназаровтың маңдай тер, табан ақысының қарымтасы екендігі айтпаса да түсінікті! Марапат құтты болсын, әріптестер! Өздерінің компаниядағы негізгі қызметімен қоса қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген әріптестеріміздің отының басы аман болып, бақыт жұлдызы жарқырай берсін! №2 МГӨБ-ке республикалық сайыста да топ жарып, жүлделі орын алуына тілектеспіз!

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы